Петропавлда адам құқығына кіріспе сабақ өтеді
Қатысу тегін

Фото: soc-otvet.ru
3 желтоқсанда «Еркіндік қанаты» қоғам қоры Петропавлда адам құқығына кіріспе сабақ өткізеді.
— Семинарға адам құқығынан хабардар болғысы, алған білімін өзгелермен бөліскісі келетіндер қатыса алады. Қатысу тегін, бірақ басқа қаладан келемін дегендерге жол ақысы төленбейді. Сабақ орыс тілінде өтеді, — дейді қор.
Барам дегендер мына жердегі сауалнаманы толтыруы керек. Іріктелгендерге ұйымдастырушылар хабарласып, жиын нақты қай жерде, қашан өтетінін айтады.

Пікірлер жоқ.