Павлодарда медқызметкерлер 200-ден астам өтірік вакцинация паспортын жасады деген күдікке ілінді
Күдіктілер қамауға алынды

Фото: polisia.kz
Павлодарда емхана қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцинация паспортын жасап сатқан деген күдікке ілініп, ұсталды. Олар қай емханада істейтіні айтылмайды. Мұны polisia.kz хабарлайды.
— Сол емхананы меңгеруші, дәрігері мен екі медбикесі 200-ден астам өтірік вакцинация паспортын жасап сатқан, — делінген сайтта.
Қазір Қылмыстық кодекстің 385-бабына (жалған құжат жасау) сай тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер төрт жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Пікірлер жоқ.