Парламент Мәжілісі келесі аптада таратылуы мүмкін

Кезектен тыс парламент сайлауы наурыз айында өтуі мүмкін


10/01/2023
15:57 21536 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Келесі апта парламент мәжілісі мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл жөнінде КазТАГ басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

 

– Мәжілістің қазіргі құрамы 16 қаңтарда таратылуы мүмкін, – деп жазды КазТАГ. 

 

Дереккөздің сөзінше, мәжілісті тарату бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан кезектен тыс парламент сайлауын өткізудің басты шарты. VII шақырылымдағы мәжіліс депутаттары таратылатын болса, заңға сәйкес, парламент сайлауы наурыз айының ортасында өтуі тиіс. 

 

Естеріңізге салайық, парламент сенатының сайлауы 14 қаңтарға белгіленген. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/01/2023 15:57
21536 0

Уведомление