Пара алды деп ұсталған Жоғарғы сот судьясы екі айға қамаққа алынды
Судьяның кім екені айтылмайды

Фото: sud.gov.kz
Пара алды деген айыппен ұсталған Жоғарғы сот судьясы екі айға қамаққа алынды. Мұны Астананың (Нұр-Сұлтан) мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
«2021 жылы 9 сәуірде Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы ауданаралық мамандандырылған соты Ж.-ны қамауға алу туралы шешім шығарды», — делінген хабарламада.
Күдікті судья ақпанда басқа бір судьядан ірі көлемде ақша алып жатқан жерінен ұсталған. Олардың аты-жөні айтылмайды.
Бұрын БАҚ Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов 8 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлаған еді.

Пікірлер жоқ.