ОСК сайлау қорытындысын жариялады
«Бәріне қарсымын» графасы екінші орын алды

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын жариялады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы (81,31%) дауыс берген. Ал «Бәріне қарсымын» графасын 460 484 (5,8%) сайлаушы таңдаған.
- Жигули Дайрабаевқа 271 641 (3,42%) сайлаушы.
- Қарақат Әбденге 206 мың (2,6%) сайлаушы.
- Мейрам Қажыкенге 200 907 (2,53%) сайлаушы.
- Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 (2,22%) сайлаушы.
- Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 (2,12%) сайлаушы.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы Урсула Гацек Қазақстанда өткен президент сайлауына саяси бәсекелестік болмағанын, сайлау туралы заң, кандидаттарға қойылатын талаптар ЕҚЫҰ мен халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ.