Қошанов: Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайды
Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters
Журналистер сұрағына жауап берген мәжіліс спикері Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік істерге араласпайтынын, оның ішінде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі жеке кездесу екенін айтты. Бұл жөнінде Власть басылымы хабарлады.
– Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік мәселелер мен істерге араласпайды. Оның кездесулері немесе өткізетін іс-шаралары, сапарлары оның [жеке тұлға ретінде] жүзеге асыратын кездесулері, бұл оның азамат ретіндегі жеке құқықтары, – деді Қошанов.
Ол Қазақстанда қос билік жоқ екенін айтты. Қошановтың сөзінше, барлық шешімді жеке дара Тоқаев қабылдайды.
– Азаматтарға алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Қазір қос билік жоқ және болуы да мүмкін емес. Барлық шешімдерді халықтың басым көпшілігі дауыс берген мемлекет басшысы Тоқаев қабылдайды, – деді Қошанов.
Нұрсұлтан Назарбаев жақында Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Ол соңғы уақыттары халық алдына жиі шығуда. Оның әркім әртүрлі бағалауда. Бірі Назарбаев билікке қайтып оралмақ десе, енді бірі ол келесі президент сайлауына дайындалуда деген болжам айтуда.
Пікірлер жоқ.