Нигерияда бір топ адам 200 оқушыны алып қашқан
2020 жылғы желтоқсаннан бері елде 730 оқушы мен студент тұтқында болған
Фото: vlast.kz
Нигерияда қаруланған адамдар мектепке басып кіріп, балаларды алып кеткен. Жергілікті БАҚ 200 оқушы ұрланған деп жазғанмен, билік нақты саны белгісіз деп отыр. Мұны «Коммерсанть» хабарлады.
Оқиға Нигер штатында болған. Шабуылдың салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақат алған. Мектеп басшыларының бірі шабуылдағандар 100-ден астам баланы алып кеткенін, бірақ кейін 4–12 жасарларын қайтарғанын айтты. Ал билік өкілдері шабуылдаушылар тым кішкентай не жүре алмайтын 11 оқушыны босатқанын хабарлады.
«Коммерсанть» 2020 жылғы желтоқсаннан бері Нигерияда 730 бала мен студент ұрланған дейді. Алып қашқандар олар үшін ақы сұраған, бірнешеуін өлтірген.
Пікірлер жоқ.