Назарбаевқа тіл тигізуге қатысты қылмыстық жауапкершілік алынып тасталады
Бұған дейін «Елбасы туралы» заң күшін жойған
Фото: Михаил Метцель / ТАСС
Қылмыстық кодекстен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізген, ар-ұжданын қорлаған азаматтарды жауапқа тартуды қарастыратын ереже алынады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.
– Елбасы мәртебесі жоқ, сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, онда отбасы туралы ештеңе айтылмаған, – дейді депутат.
Әділет министрлігі депутат Имашеваның сөзін растады.
Ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы туралы» заң күшін жойғаны туралы жарлыққа қол қойған. Бұл заң Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне ерекше құзырет берген.
11 қаңтарда Конституциялық сот «Елбасы туралы» заң күшін жойғанын растаған. 13 қаңтарда парламенттің қос палатасы заң жобасын мақұлдады.
2022 жылы күзде тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылып, елорда атауы Нұр-Сұлтаннан қайтадан Астана деп өзгертті. Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып келген уақытта өзі ұсынған.
Пікірлер жоқ.