Назарбаев Nur Otan партиясының төрағалығынан кетті. Орнына Тоқаев келді
Экс-президент партияны ел президенті басқаруға тиіс дейді

Фото: baigenews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының тізгінін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.
— Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясын ел президенті басқаруы керек деп төрағалықты тапсырды. Өкілетті тапсыру процедурасы партияның жарғысына сай өтеді, — дейді бұрынғы президенттің хатшысы Айдос Үкібай.

Пікірлер жоқ.