Назарбаев 2011 жылы омыртқасына операция жасатқан
«Сол жылы-ақ кету керек еді, бірақ дайын болмадым»

Фото: timpul.md
21 қазанда көрсетілген «Штрихи к портрету» экс-президент туралы фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы омыртқасына операция жасатқанын айтты.
— Мұны ешкімге айтпаған едім. Омыртқама ауыр операция жасаттым, — деді Назарбаев президенттіктен кетемін деп қашан ұйғарғанын айтқанда.
Бұл ота 2011 жылы жасалған.
— 2011 жылғы 8 наурызда өткен концертте орнымнан тұрып едім, аяғым бастырмай қалды. Сөйтіп, күзетші офицердің қолынан ұстап, ешкімге байқатпай залдан шығып кеттім. Кейін тексерістен өтіп, омыртқамда проблема барын анықтадым, — дейді Назарбаев.
Оның айтуынша, осы ауру оның президенттіктен кетуінің бір себебі болған.
— Сол жылы-ақ кету керек еді, бірақ дайын болмадым. Әуелі мұрагер мәселесін шешу керек болды, — дейді Назарбаев.

Пікірлер жоқ.