Мәскеудегі қазақ диаспорасының жетекшісінің үстінен іс қозғалды

Оған «соғыс фейкін» таратты деген айып тағылған


04/01/2024
14:05 9087 0

Фото: Азаттық радиосы 

Мәскеудегі қазақ қауымдастығының жетекшісі Полат Джамаловтың үстінен Ресей қылмыстық кодексінің «соғыс фейктері» туралы бабы бойынша іс қозғалған. Мұны Ресей тергеу комитетінің жабық баяндамасына сүйеніп, «Вёрстка» жазды. 

Журналистер ақпаратына қарағанда, Джамаловтың үстінен қылмыстық іс 2023 жылы 11 тамызда қозғалған. Бұл фактіні құқық қорғау органдарындағы мәліметке сүйенген ТАСС агенттігі де
 растаған.

Қылмыстық іс қозғауға «2022 жылдың тамызына дейін Украинада Ресейдің 48 759 солдаты өлген»дейтін құжат фотосын Джамалов Facebook парақшасына шығарғаны себеп болған. 

Бұл құжатты Ресей қаржы министрінің орынбасары Ирина Окладникова вице-премьер Дмитрий Григоренкоға жіберген-міс. Джамалов «арнаулы әскери операция басталғалы күн сайын өлгендердің орта есебі - 8132 … ақша есепті жақсы көреді» деп жазған. 

Басылымның айтуына қарағанда, Джамалов мұнан өзге 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының құрамында Ресей әскерінің Қазақстанға кіргізілгенін сынап, оны басқыншылық деп
 атаған.

Бұған дейін «Коммерсант» басылымы Ресейде 2023 жылдың алғашқы жартысында соғыс фейкі туралы бап бойынша 21 адамды сотталғанын жазған. Оның сегізі түрмеге жіберілген, үшеуіне шартты жаза кесіліп, онына айыппұл салынған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

04/01/2024 14:05
9087 0

Уведомление