Мәсімовке билікті басып алу айыбы тағылды
Бұрын ол мемлекетке опасыздық күдігімен ұсталған еді

Фото: dw.com
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке билікті басып алу және билігін асыра пайдалану айыптары тағылды. Мұны ҰҚК хабарлады.
Кәрім Мәсімов 8 қаңтарда мемлекетке опасыздық жасады деп ұсталған еді. Кейін екі айға қамаққа алынғаны белгілі болды.
Одан бөлек, Мәсімовтің бұрынғы екі орынбасары — Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Оларға да осындай айыптар тағылған.
Соталды тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ.