Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енді

Ол Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған


18/07/2023
12:49 15046 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне қосылды. 

 

Қаржы мониторинг агенттігі жасайтын тізімге Мәсімов биыл 1 шілдеде енген. Тізімде Кәрім Мәсімовтен өзге, оның бұрынғы екі орынбасары Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов бар. 

 

Кәрім Мәсімов «билікті күшпен басып алмақ болды», «мемлекетке опасыздық жасады», «қызмет лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен 18 жылға, Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәурен Ерғожин 15 жылға сотталған. 

 

Кәрім Мәсімов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде тұтқындалған. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

18/07/2023 12:49
15046 0

Уведомление