Моңғолия экс-президенті Алтын Орданың картасын жариялап, Путинді келемеждеді


13/02/2024
14:34 7584 0

 

Моңғолияның 2009-2017 жылдардағы президенті Цахиагийн Элбэгдорж Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ тележүргізушісі Такер Карлсонға берген сұхбатына байланысты реакция білдіріп, Моңғолия картасын жариялады.

 

– Путиннің сұхбатынан кейін Моңғолияның тарихи картасын қарап шықтым. Уайымдамаңыздар, біз бейбіт әрі еркін ұлтпыз, — деп жазды Х желісінде Цахиагийн Элбэгдорж. 

 

Ол жариялаған картада Ресейдің оңтүстік бөлігі мен Қазақстанның территориясы толықтай моңғолдардың иелігінде екенін көруге болады. Бұл Алтын Орданың картасы болуы мүмкін. 

 

Такер Карлсонға берген сұхбатында Путин Украинаға басқыншылық соғысын түсіндіріп, «Украинаның бір бөлігі орыстардың тарихи жері» деген мәлімдеме жасаған.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/02/2024 14:34
7584 0

Уведомление