Минск соты Тихановскаяны сырттай 15 жылға соттады

«Олардың бұл «үкіммен» не айтпақ болғаны жөнінде ойланбаппын»


07/03/2023
12:06 14190 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Минск соты Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановскаяны сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырып, 11,7 мың доллар айыппұл салды. 

 

Бұдан бөлек, Беларусь оппозициясы құрған «Үйлестіру кеңесіне» қатысты сот ісі аясында бұрынғы мәдениет министрі Павел Латушко 18 жылға, Мария Мороз, Ольга Ковалькова және Сергей Дылевский 12 жылға сотталдыБарлығы Тихановская сияқты сырттай сотталды. Олар да шетелде тұрады. 

 

Оппозиция өкілдерінің барлығына «билікті басып алу мақсатында сөз байласты»«экстремистік ұйым құрды»«билікті басып алуға үндеді» және «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген ауыр айыптар тағылған. 

 

Тихановская бұнымен Беларусь оппозициясының сағы сынбайтынын айтты. 

 

– Олар бұл «үкіммен» не айтпақ болғаны жөнінде ойланбаппын. Олар қатысса да, қатыспаса да, демократиялық күштермен бірге саяси тұтқындарды босатып, елімізді демократия жолына түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанбыз, жасай да береміз, – деді ол.

 

2020 жылғы 9 тамызда өткен президент сайлауында Светлана Тихановская Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған. Ресми есеп бойынша, ол сайлауда 10% дауыс алған. Бірақ тәуелсіз бақылаушылар сайлауда заң бұзылғанын, бұрмалау көп болғанын айтып, шын мәнінде Тихановскаяның жеңіске жеткенін мәлімдеген. 

 

Президент сайлауынан кейін Беларусьте халықтық толқулар болып, мыңдаған адам көшеге шыққан. 13 мың адам ұсталған. Оппозиция өкілдері сол уақытта Үйлестіру кеңесін құрып, бірлесіп жұмыс істеген. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

07/03/2023 12:06
14190 0

Уведомление