Мемлекеттік дума депутаты Путинді қолдамайтын ресейліктердің «көзін жоюды» ұсынды
Оның бұлай деп айтуына сауалнама қорытындысы себеп болған
Фото: Новая газета
Қиыр Шығыс аумағынан мемлекеттік думаға «Единая Россия» партиясының атынан депутат болып сайланған генерал Андрей Гурулев Ресей президенті Владимир Путинге сенбейтін халықтың 20%-ның көзін жоюды ұсынды. Ол бұны «Россия-1» телеарнасының эфирінде айтқан.
– Халықтың 80% президентті қолдап, соның төңірегіне топтасып отыр. Қалған 20% шірікті қоғамнан оқшаулау керек немесе көзін жою қажет, – дейді Гурулев.
Оның бұл сөзді айтуына сауалнама қорытындысы себеп болған. Ресейліктер арасында жүргізілген сауалнамада халықтың 18%-ы немесе 30 миллионға жуығы Путинге сенбейтінін айтқан.
Андрей Гурулев 2024 жылы өтетін президент сайлауында Владимир Путин жеңіске жетеді деп есептейді. Бірақ оның ол сайлауға қатысып-қатыспайтыны әзірге белгісіз.
«Новая газета» басылымының мәліметінше, Андрей Гурулевтың «Вагнер» жалдамалы әскери компаниясымен тығыз байланысы бар.
Пікірлер жоқ.