Мемлекет банктерге депозиттерге өтемақы төлеуге 306,6 млрд теңге бөлді
Қаржы депозиттерге 20 наурызға дейін берілуі тиіс

Фото: Ашық дереккөзден
Банктер мемлекеттен теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 306,6 миллиард теңге қаржы алды. Бұл жөнінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.
– Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады, – делінген хабарламада.
Заң бойынша, келіп түскен қаржыны банктер 20 наурызға дейін өтініш берген депозиттердің шотына аударуы тиіс.
Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық өтемақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.
10% өтемақы теңгелік депозиттерді инфляциядан қорғау мақсатында беріледі.

Пікірлер жоқ.