Маңғыстауда мұнайшылар үш айдан бері ереуілдеп тұр
Маңғыстау облысында «Tenge Oil & Gas» компаниясының жұмысшылары ереуілдеуде
Маңғыстауда «Tenge Oil & Gas» компаниясының жұмысшылары үш аптадан бері ереуілдеп тұр.
Олар кәсіпорын директорын, оның орынбасары мен қаржы директорын жұмыстан шығаруды, сонымен бірге айлықты "Өзенмұнайгаз" компаниясы жұмысшыларының жалақысына теңестіруді талап етуде.
Жұмысшылар барлығы 14 талап қойды. Ереуілдегілердің айтуынша, компания ай сайын 6,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін мұнай өндіреді, мұндай көрсеткіш жұмысшылар талабын орындауға жетуі тиіс.
Олар компания басшылығына ұжым арызын 18 сәуірде өткізген, алайда жұмыс беруші талаптарды орындаудан бас тартып, келісім комиссиясын құруға келіспеді. 28 сәуірде жұмысшылар арыз-талаптарын бейнеүндеуге жазып, оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен әкімі Айбек Қосауовқа жолдаған.
11 мамырда ереуілдегілер тағы бір бейнеүндеу жариялады. Бұл жолы олар еңбек инспекциясының әрекетсіздігін сынап, президенттен араша түсуін, парламент деп утаттарынан мұнайшылармен кездесуге келусін сұрады.
Tenge Oil & Gas компаниясының бас директоры Қайрош Айтжанов шамамен 150 жұмысшының жартысы айлықсыз демалыста екенін Азаттыққа растады. Айтжановтың айтуынша, кәсіпорын бір тамшы да мұнай өндіріп жатқан жоқ, өйткені жұмысшылар 11 мамырдан бері ереуілде тұр. Tenge Oil & Gas орташа кәсіпорын болғандықтан "Өзенмұнайгаз" деңгейінде жалақы төлей алмайды, дейді ол.
Пікірлер жоқ.