Макс Боқаев 4 ақпанда түрмеден шығады. Ол 3 жыл бойы полиция бақылауында болады

Боқаев жер митиңіне қатысқаны үшін қамалған еді


22/01/2021
15:23 40903 0

Макс Боқаев. Фото: dixinews.kz

 

Атырау соты саяси белсенді Макс Боқаевқа әкімшілік бақылау тағайындады. Бұл дегеніміз — Боқаев түрмеден жақын арады шығады, бірақ 2024 жылға дейін:  

 

  • үйінен полиция белгілеген уақытта шыға;
  • полицейлерсіз қала (аудан) сыртына шыға;
  • алкоголь іше;
  • полиция белгілеген жерге бара;
  • кәмілетке толмағандармен олардың ата-анасының рұқсатынсыз араласа алмайды

 

Бұрын құқық қорғаушылар белсенді 4 ақпанда шығады деп хабарлаған. 

 

Макс Боқаев 2016 жылы Жер кодексіндегі жерді шетелдіктерге жалға беру туралы өзгерістерге наразы болып, митиңге шыққан. Сол үшін ол және Талғат Аян «әлеуметтік араздықты қоздырды», «жалған ақпарат таратты», «митиң өткізу тәртібін бұзды» деген айыптармен түрмеге қамалған еді. 2018 жылы Аян бас бостандығы шектеліп, мерзімінен бұрын босап шықты. 


Құқық қорғаушылар оларды саяси тұтқын деп атайды. Саяси тұтқын деген кімдер, олар түрмеде не үшін отыр, Қазақстанда басқа қандай саяси тұтқындар бар — осы сұрақтарға біз жауап бердік.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

22/01/2021 15:23
40903 0

Уведомление