Магдалена Андерссон — Швецияның тұңғыш әйел премьер-министрі. Саясаткер бес күнде екі рет сайланды
Бірінші сайланғанда Андерссон жеті сағаттан кейін отставкаға кеткен еді

Фото: tjournal.ru
Социал-демократиялық жұмысшылар партиясының депутаты Магдалена Андерссон Швецияның премьер-министрі болып сайланды. Осылайша Швеция үкіметін тұңғыш рет әйел басқармақ.
54 жастағы саясаткерді қолдап 101 депутат дауыс берген, қарсы болғандар саны — 173, дауыс беруден бас тартқандар — 75. Швеция заңына сай, кандидатураға парламенттің жартысы қарсы шықпаса, үміткер сайланды деп есептеледі.
Андерссон премьер-министрлікке бірінші рет 24 қарашада сайланған еді. Бірақ жеті сағаттан кейін отставкаға кетті. Оған парламент үкіметтің бюджет туралы жобасын қабылдамағаны түрткі болған.

Пікірлер жоқ.