ҚМА жалған вакцинация құжатын жасауға қатысты 26 соталды тергеу жүргізіп жатыр
86 тұлға қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Фото: egov.kz
Қаржы мониторингі агенттігі жалған вакцинация құжатын жасауға қатысты 26 соталды тергеу жүргізіп жатыр дейді Vласть.
— Қаржы монторингі агенттігі 13 өңірде жалған вакцинация құжатын жасатуға қатысты 26 соталды тергеу жүргізіп жатыр. 86 тұлға қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін, — делінген агенттіктің баспасөз хатында.
Агенттік тапсырыс бергендердің көбі — мектепке дейінгі және сауда ұйымдарының жұмысшылары дейді.
Қазақстанда жалған құжат жасатқандар Қылмыстық кодекстің 385-бабына сай жазаланады. Жасағандар төрт жылға дейін, ал пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін.

Пікірлер жоқ.