Луганск облысында Ресей ірі шабуылға көшті
Ресми Мәскеу әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ
Фото: Ашық дереккөздан
Украинада Луганск және Харьков облыстарының шекарасында Ресей әскері ірі шабуылға көшті. Американың Соғысты зерттеу институты осындай тұжырымға келді.
Институт ашық дереккөздерге сүйеніп, Ресей армиясының Купянскіге жақын Сватово-Кременнаяның барлық аумағында шабуылға хабарлады. Институт Ресейдің аймақта үш ірі дивизиясының шабуылға жұмылдырғанын дәлел ретінде келтірген.
Институттың мәліметіне қарағанда, шабуылға 144-ші және 3-мотоатқыштар дивизиясының бірнеше полкі қатысып жатыр. Операцияға 76-шы әуе-десант дивизиясы мен оңтүстік әскери округ бөлімдері де қосылған. Бірақ барлық резерв әлі қосылып үлгермеген.
Американың барлау қызметі мен Батыс сарапшылары жыл басынан бері Мәскеу «украин армиясында оқ-дәрі біткенін пайдаланып, алдағы апталарда жаңа шабуылға көшеді» деген болжам айтқан. Кейінгі күндері Ресей Украинаға жаңа техника келмей тұрып, шабуылды бастап кетеді деген болжам жиі айтылған еді.
Украина президенті Владимир Зеленский 5 ақпан күнгі мәлімдемесінде Ресей армиясы ақпанда «былтырғы жеңілістерін осылайша жуып-шаймақшы» деген. Украина қорғаныс министрі Алексей Резников те сол күні Ресей басқыншылығына бір жыл толар кезде Ресей армиясы шабуыл жасауы мүмкін деп топшылаған.
Ресми Мәскеу әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.
Пікірлер жоқ.