Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ол үш жыл бойы жоғарлатылған
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан ұлттық банкінің ақша-несие саясаты бойынша комитеті базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін азайту туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
– Жылдық инфляция бір қалыпты баяулап жатыр. Орталық банктердің тежеу саясаты мен әлем нарығында азық-түлік бағасы төмендеп жатқан шақта сыртқы инфляция қысымы біртіндеп азайып жатыр, – деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.
Соңғы рет базалық мөлшерлеме 2023 жылы 25 тамызда – 16,75 пайыздан 16,5 пайызға азайған. Бұл кейінгі үш жылдағы алғашқы төмендеу. Оған дейін ұлттық банк үш жыл бойы базалық мөлшерлемені тек жоғарылатумен болған. Бұл инфляцияны бәсеңдету амалы ретінде түсіндірілді.
Қыркүйекте Тоқаев ұлттық банк басшысын ауыстырған. Ғалымжан Пірматовтың орнына Тимур Сүлейменов тағайындалды. Тоқаев сол кезде ұлттық банктің инфляциямен күрес амалын сынаған.
Пікірлер жоқ.