Әлихан Смайылов — Қазақстанның жаңа премьері
Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады

Фото: mgorod.kz
11 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарына премьер-министрлікке Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Оны Мәжілістің барлың депутаты қолдады.
Смайылов бүгінге дейін премьер-министрдің міндетін атқарған еді. 5 қаңтарда президент халық наразылығынан кейін Асқар Мамин басқарған үкіметті таратып жіберді.
Жаңа премьер-министр оған дейін қаржы министрі мен премьер-министрдің орынбасары болды.

Пікірлер жоқ.