Әлеуметтік сауалнама: Алматылықтардың 32% ғана сайлауға барады
Респонденттердің жартысы бір мандатты округтердің бар екенін білмейді
Фото: Pixabay
Демократия институты алматылықтар арасында Мәжіліс және мәслихат сайлауына байланысты әлеуметтік сауалнама жасады. Сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың сайлауға қатысу деңгейі – 32,8%.
Сауалнамаға сәйкес, жастардың 17 ,1% ғана сайлауға баратынын айтқан. Ал 61-ден жоғары, егде жастағы адамдардың 49,2% сайлауда дауыс беретінін айтқан.
Сайлауға қатысу бойынша аудандар тізімі:
- Алатау ауданы — 25,1 %
- Алмалы ауданы — 28,2 %
- Әуезов ауданы — 30,8 %
- Бостандық ауданы — 31,4 %
- Жетісу ауданы — 27,8 %
- Медеу ауданы — 31,4 %
- Наурызбай ауданы — 30,4 %
- Түркісіб ауданы — 28,9 %.
Партиялық тізім және Мәжіліс
«Мәжіліс сайлауында қай партияға дауыс бересіз?» деген сауалға респонденттердің 41, 7% нақты жауап бере алмаған. 6,5% мүлде жауап беріден бас тартқан.
- Amanat — 49,0 %
- Respublica — 14,5 %
- ЖСДП — 7,2 %
- Халық партиясы — 4,8 %
- Ауыл — 4,2 %
- Ақ жол — 2,2 %
- Байтақ — 1,8 %
- Барлығына қарсымын — 16,3 %.
Amanat партиясын негізінен 30-45 (52,1%), 61 жастан жоғарылар жоғарылар (56%) қолдаған.
Партиялық тізім және мәслихат
Мәслихат сайлауында дауыс беру де Мәжіліс сайлауымен бірдей. Респонденттердің 43,7 % нақты кімге дауыс беретінін айта алмаған. Ал 6,5 %
Жауап беруден бас тартқан.
Өзін өзі ұсынғандар
Сауалнама қатысушыларының 50,1 % сайлауда бір мандатты округтер барын білмейді.
Пікірлер жоқ.