«Лаңкес емес»: Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың туыстары наразылыққа шықты

Олар ұсталғандар жазықсыз дейді


27/01/2022
14:10 36018 0

Фото: kaztag.kz

 

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың туыстары наразылыққа шықты дейді ҚазТАГ. 

 

20 шақты адам қала прокуратурасының алдына барып, туыстарын босатуды талап етті. Олар ұсталғандар лаңкес емес, ешқандай құқық бұзбады дейді. 

 

Жиылған жұрт Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұратынын, Алматыға қажылыққа аттану үшін келгенін айтады. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қонақүйден шықпаған, бірақ онда күш қызметкерлері келіп, біреуінің күйеуін, біреуінің баласын алып кеткен. 

 

Қалада терроризмге қарсы операция басталғанда ондаған адам туыстары мен достары заңсыз ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін белсенділер мен құқық қорғаушылар бірнеше рет президенттен заңсыздықты тоқтатуды талап етті. Еуропарламент те Қазақстан жұрты заңсыз ұсталып жатыр деген қарар шығарды. 

 

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасынан кейін азаматтардан азаптау туралы 91 шағым түсті дейді. Бүкіл Қазақстанда азаптау және билікті асыра пайдалануға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалған.

 

Бұрын біз полициядан азап көрген адамның хикаясын жариялап, мұндай заңсыздыққа ұшырағанда қайтпек керегін айтқан едік. Оқи отырыңыз.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/01/2022 14:10
36018 0

Уведомление