Кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Ол қаржы жымқырды деп айыпталған


31/03/2023
17:36 18658 0

Фото: Халық үні

 

31 наурызда Астана қаласы Сарыарқа ауданының N2 сотында Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзаққа үкім оқылды. Барлығы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін үйқамақта болған Тайыр Жанұзақ сот залында қамауға алынды. Сот барысында үшеуі де өздеріне тағылған айыппен келіспеген. 

 

Қайрат Боранбаев соңғы сөзінде «Qazaq Gaz» компаниясына келтірген шығынды толық өтегенін айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Үкім 31 наурыз кешкі сағат 17:00-де оқылады. Бұған дейін прокурор оны 8 жылға соттауды сұраған. 

– Qazaq Gaz шынымен зиян келтірді деп есептесе, онда мен тергеу кезінде тапқан табысымды қайтаруға дайынмын. Қазір залал жоқ, ол толық көлемде өтелді. Мен заңды шешім қабылдаймын деп үміттенемін, – деді ол.

 

Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Ол кінәсін мойындамаса да мемлекетке аталмыш қаржыны қайтарып берген. Оның қорғаушылары қайтарылған қаржыны «тергеу кезінде анықталған даулы сомма» деп атаған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

31/03/2023 17:36
18658 0

Уведомление