Кәрім Мәсімовтің немере інісі 10 жылға сотталды

Нұрлан Мәсімов өзіне тағылған айыпты мойындамады


11/08/2023
11:27 14354 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Сот Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті «пара алу», «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу» және «шекараны заңсыз бұзып өту» баптары бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі. 

 

Үкім бойынша ол жазасын қатаңдығы орташа режимдегі түзету мекемесінде өтейді. Бұған дейінгі сот отырысында айыптаушы прокурор соттан оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

 

Нұрлан Мәсімов өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Ол алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретінін айтты. 

 

Сотқа Нұрлан Мәсімовтан бөлек, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович тартылған. Олар да жемқорлық бабымен айыпталған. Сот екеуін де 8 жылға түрме жазасына кесті. Сиразидимов өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ал Евкович кінәсін толық мойындаған. 

 

Сот мәліметінше, Нұрлан Мәсімов техникалық қаруларды жеткізетін компаниямен 607 миллион теңгеге келісім-шарт жасасып, оның 400 миллионын өзі алған. Заттарды жеткізетін компания ешқандай конкурсқа қатыспаған. Олар қару-жарақты үстеме бағамен әкеліп, 180 миллион теңгеге сатқан. 

 

48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы болып 2019 жылы тағайындалып, 2022 жылдың қаңтар айының ортасында қызметінен босатылған. 

 

2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Мәсімовке «полиция генерал майоры» шені берілген. Сот оны «полиция генерал майоры» шені мен «Айбын» орденінен айырды. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/08/2023 11:27
14354 0

Уведомление