Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екені айтылды

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екені айтылды


14/03/2022
13:05 34760 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. 

 

Мәсімов пен оның үш орынбасары ұсталды. Олардың іс-әрекетіне сот баға береді. Қылмыстық Кодекс бойынша 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу жүріп жатыр, — деді Асылов парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде. 

 

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетіп, кейіннен ұсталған. Оған «билікті күшпен басып алмақ болды» және «қызметін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

14/03/2022 13:05
34760 0

Уведомление