Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау режимі жеңілдетіледі
Барлығы Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған
Фото: Ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау режимі жеңілдетіледі. Бұл жөнінде КазТАГ басылымы хабарлады.
Мәсімов пен оның үш орынбасары алғаш рет сотталғандар санатына жатады. Заң бойынша, бұндай санаттағылар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.
– Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бұрын сотталғандар отырады. Қылмыстық кодекстің 62-бабына сәйкес, үкiм шыққанға дейiн қамауда ұстау уақыты ескерiледi. Орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бір жарым тәулік отыру бір тәулікке есептеледі,– деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы есеп комттетінің басшысы Қайрат Асыл брифингте.
Биыл 24 сәуірде Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Кәрім Мәсімов 18 жылға, оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин 15, Марат Осипов үш жылға сотталған еді.
Пікірлер жоқ.