Кремльге шабуылды Ресейдің өзі ұйымдастырған
Бұндай шабулдар тағы да қайталануы мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден
Кремльге дронмен жасалған шабуылды Ресейдің өзі ұйымдастырған. Бұл жөнінде Вашингтон соғысты зерттеу институты мәлімдеді.
Институт күнде жариялайтын зерттеу бюллетенінде Кремльге шабуылды ресейліктердің өздері жасағанына бірнеше мысал келтіреді. Атап айтқанда:
· Ресей басшылығы соңғы айларда Мәскеуді жағалай әуе қорғанысы жүйесін орналастырды. Сол себепті екі дронның бірнеше деңгейдегі қорғаныс жүйесінен өтіп кетуі қиын.
· Егер шабуыл қолдан құрастырылмаған болса, ол Ресей билігі үшін тосын сый болар еді. Болар бастапқыда бір-біріне қарама-қайшы ақпараттар берер еді. Балаклея мен Херсондағы сәтсіздіктер кезінде солай болған.
· Бұл жолғы Мәскеудың шабуылға жылдам реакция танытып, керекті деректерді тез арада жинап, жариялауы шабуылдың іштен дайындалғанына меңзейді.
· Кремльге шабуыл ұйымдастыру арқылы билік халыққа соғыстың жақындап қалғанын және оған әрбір адам қатысуы керек екенін көрсетуге тырысты. Шабуылды қолдан ұйымдастыру 9 мамыр – жеңіс күнін тойламау немесе барынша қысқартып тастау үшін жасалуы мүмкін. Осылайша, билік халыққа бұрынғыдай өмір сүру мүмкін еместігін ескерткісі келді.
Вашингтон соғысты зерттеу институты шабуылдар саны бұдан кейін де қайталануы мүмкін екенін айтады.
Мамырдың 3-інен 4-іне қараған түні әлеуметтік желіде Кремль төбесінде дрондардың жарылғаны бейнеленген видео тараған. Кейіннен Ресей билігі жарылысты растап, шабуылды Украина жасады деп мәлімдеген.
Украина президенті Владимир Зеленский Кремльге жасалған шабуылға Украинаның ешқандай қатысы жоғын айтты.
– Біз Путинға немесе Мәскеуге шабуыл жасамаймыз. Біз өз жерімізде, ауылдарымыз бен қалаларымызды қорғап, соғысып жатырмыз. Оның өзіне қару жетпей жатыр. Сол себепті біз оны өзге аймақта қолданбаймыз, – деді Зеленский.
Пікірлер жоқ.