Конституциялық сот «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңның күшін жойды

Бірақ Назарбаев заң бойынша тиіспеушілік иммунитетінен айырылған жоқ


11/01/2023
11:50 21438 0

Фото: РБК

 

Конституциялық сот «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңның күшін жойды. Бұл жөнінде соттың ресми сайтында хабарланды. 

 

Конституциялық сот бұл шешімді 2022 жылы 5 маусымда өткен референдум нәтижесіне және "Қазақстан халқының ерік-жігері негізінде қабылдағанын мәлімдеді.

– 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады, – делінгін жарияланған мәтінде.

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.

Назарбаев заң бойынша тиіспеушілік иммунитетінен айырылған жоқ. Ол Конституция бойынша қорғалған. Бірақ онымен бірге тұратын отбасы мүшелері тиіспеушілік құқығынан айырылады. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/01/2023 11:50
21438 0

Уведомление