Колумбияда билікке қарсы наразылық өтіп жатыр, 19 адам қаза тапты

18 наразы мен 1 полицей көз жұмған


06/05/2021
15:39 41865 0

Фото: rt.com

Өткен аптадан бері Колумбия астанасы Боготада халық наразылыққа шығып жатыр. Оған биліктің салықты көбейтіп, кей жеңілдікті жою туралы заң жобасын ұсынғаны себеп болған. 

Колумбия омбудсмені кеңсесінің хабарлауынша, елдегі тәртіпсіздіктен бір апта ішінде 18 шеруші мен бір полиция қызметкері қаза тауып, 89 адам жоғалып кеткен. 846 адам зардап шеккен, 431 наразы ұсталған. 

Жағдайдың ушығуына байланысты президент Иван Дуке өткен жексенбіде Конгрестен құжатты қайтарып алды. Бірақ наразылық әлі басылмай тұр.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

06/05/2021 15:39
41865 0

Уведомление