Кіші Талдыкөлде перформанс өткізген суретші Асхат Ахмедияровқа айыппұл салынды

Оған екі айып тағылған


16/09/2021
12:42 39427 0

Фото: weart.media

 

15 қыркүйекте Астана (Нұр-Сұлтан) соты суретші, белсенді Асхат Ахмедияровқа полицияға бағынбады, ұзақ бұзақылық жасады деп айыппұл салды. «Азаттық радиосы» айыппұл көлемі 14 585 теңге дейді

 

Суретші сағат үште болуы керек сот отырысы жетіден кете басталғанын айтады. Себебін оған ешкім түсіндірмеген. 

 

Ахмедияровтың адвокаты полиция белсендіні заңсыз әкетіп, бес сағат бойы ас-су бермей ұстады дейді. 

 

Суретші 14 қыркүйекте тұрғын үй кешені үшін құрғатылып жатқан Кіші Талдыкөлді қорғап перформанс өткізген еді. Полиция оны сол жерден алып кетті. 

 

Астана белсенділері Кіші Талдыкөлді құтқару үшін былтырдан бергі қала әкімдігіне қарсы шығып жүр. Олар құрылыс сол жердің табиғатына, әсіресе құстарға зиян дейді. Қала әкімдігі жерді сақтаймыз деп еді, бірақ наразылар бұған сенбейді, жай жұбату дейді. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/09/2021 12:42
39427 0

Уведомление