Әкімдік Байқоңыр тұрығындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынып жатыр

Қала әкімі арнайы қаулы шығарған


14/02/2023
10:55 19760 0

Фото: ТАСС

 

Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған. Бұл жөнінде КазТАГ басылымы хабарлады. 

 

– Байқоңыр әкімдігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы № 46 қаулысымен әскерге шақырылған азаматтарға, сонымен қатар, ерікті түрде арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және Байқоңыр қаласында тұратын әскери қызмет өтеуге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленді, – делінген қала прокуратурасының хабарламасында. 

 

Соғысқа ерікті түрде қатысқысы келетін әскери қызметкер немесе оның өкілі төлемді алу үшін Байқоңыр әкімдігінің Халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш беруі тиіс. 

 

– Өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күннің ішінде төлем жасалады. Бұл қаулы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланып, күшіне енді делінген хабарламада.

 

Қазақстан билігі бұл жөнінде әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

14/02/2023 10:55
19760 0

Уведомление