Киіктерді аулау үшін әуесқой аңшылыққа рұқсат берілмек


07/11/2023
14:25 11222 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктердің мүйізінен бөлек, басқа да мақсаттарға пайдалану үшін әуесқой аңшылыққа рұқсат бермек.

 

Ол үшін аңшылар әкімдікке өтініш беруі керек, ал шетелдіктерге аңшылық басқармасымен келісім қажет.

 

Еске сала кетейік, үкімет киіктердің саны шамадан тыс артуына байланысты оларды атуға рұқсат берген еді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, биылғы төлдерін есептегенде бүгінде киіктердің саны 2 миллион 600 мыңнан асады.

 

Киіктерді күндіз торға айдап, түнде атуға рұқсат берілген. Қазір аңшылық мерзімін 20 қарашаға дейін ұзарту талқыланып жатыр.

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

07/11/2023 14:25
11222 0

Уведомление