«Хабар» арнасына 80 минуттық дебат үшін 63 миллион теңге бөлінеді

Дебатқа Тоқаевтың орнына Қошанов барады


08/11/2022
15:35 19510 0

Президенттікке кандидаттардың 80 минуттық дебатына «Хабар» арнасына 63 миллион теңге қаржы бөлінеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. 

 

«Хабар» арнасының өкілі Дәулетхан Жиенқұловтың сөзінше, бұл қаржы тікелей эфир кезіндегі байланысқа, қосымша жұмысшы жалдауға, жарық пен студияны әрлеуге жұмсалады. 

 

Дебат 1қарашада сағат 20:00-де басталады. Оған Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзге (Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбековалар) кандидаттардың барлығы қатысады. Тоқаевтың орнына оның сенімді өкілі, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады. 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/11/2022 15:35
19510 0

Уведомление