Келер жылдан бастап Ashyq статусы көк адамдар қоғамдық орындарға бара алмауы мүмкін
Үкімет коронавирусқа қарсы жаңа шектеулер енгізуі мүмкін

Фото: kapital.kz
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстанда Ashyq статусы көк адамдар қоғам орындарына бара алмауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкіметке осындай ұсыныс жасады.
— Сауда орталықтары мен үйлері, спорт, фитнес және йога орталықтары, караоке, бассейн, сауна мен монша, банктер мен «Қазпошта», Халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-тағы статусы жасылдарға ғана кіруге рұқсат беретін шара қолдану керек, — дейді ол үкімет отырысында.
Бүркітбаев мұндай норма коронавирустың өршуіне кедергі болады дейді.

Пікірлер жоқ.