Кеңес одағының соңғы басшысы Михаил Горбачев қайтыс болды

Горбачев Мәскеудегі Новодевичье зиратына әйелі Раиса Максимовнаның қасына жерленеді


31/08/2022
11:18 23040 0

Кеңес одағының соңғы басшысы Михаил Горбачев қайтыс болды. Бұл жөнінде ресейлік БАҚ хабарлады. 

 

КСРО-ның тұңғыш президенті және соңғы орталық комитеттің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев 91 жасында қайтыс болды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол 30 тамыз күні Мәскеу орталық клиникалық ауруханасында созылмалы дерттен көз жұмған. 

 

Горбачев Мәскеудегі Новодевичье зиратына әйелі Раиса Максимовнаның қасына жерленеді. 

 

Михаил Горбачёв 1931 жылғы 2 наурызда Ресейдің Ставрополь өлкесі Привольное ауылында дүниеге келген.

 

Михаил Горбачев Компартия бас хатшысы Константин Черненко қайтыс болған соң, 1985 жылғы 11 наурызда жаңа бас хатшы болып сайланды. Көп кешікпей «жариялылық» саясатын жариялап, оның соңы бірнеше жылдан соң іс жүзінде сөз бостандығына жетеледі, кейін парламентаризм пайда болып, СССР құлады.

 

Халықаралық аренада Горбачев ядролық қаруды азайту және АҚШ, НАТО-мен жағдайды ушықтырмау саясатын қолдады. Горбачев қолға алған қайта құру саясаты Шығыс және Орталық Еуропада совет режимдерін құлауға итермеледі. Бұл Михаил Горбачевті әлемдегі ең танымал адам етті. 1990 жылы Горбачев Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты болды.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

31/08/2022 11:18
23040 0

Уведомление