Күдебаев ауруханада. Сот белгісіз уақытқа шегерілді

Прокурор оны 9 жылға соттауды сұраған


10/03/2023
11:21 13976 0

 

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың соты кейінге қалды. 

 

Сот отырысы 10 наурызда сағат 11:00-де өтуі тиіс болған. Бірақ кейінгі қалдырылды. Әзірге соттың қай уақытқа шегерілгені белгісіз. 

 

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров Күдебаев ауруханаға түсіп қалғандықтан соттың кейінге қалғанын мәлімдеді. 

 

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. 

 

Серік Күдебаевтың үстінен Қаңтар оқиғасы кезіндегі іс-әрекетіне байланысты ҚР ҚК 370 бабының 4 бөлігінің 1 тармағы «ауыр зардаптарға әкеліп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/03/2023 11:21
13976 0

Уведомление