ҰҚК: Сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топ ұсталды

Еуропарламент Қазақстан билігі экстремистік деп танып, жұмысына тыйым салған ҚДТ мен Көше партиясын бейбіт ұйым деп атаған


17/11/2022
17:35 24282 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топты ұстағанын» мәлімдеді.  

 

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, арнайы операция барысында Алматы қаласы мен облысында жеті адам ұсталған. Олардың үстінен ҚР ҚК 179 бабының 2-бөлігі, 272 бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. 

 

ҰҚК «You Tube» желісіне жариялаған видеода ұсталған адамдардың қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов пен тіркелмеген «ҚДТ» (ДВК) және «Көше партияларына» қарысы бар екені айтылған. Жоғарыда аталған екі ұйымды да Қазақстан билігі экстремистік деп танып, жұмысына тыйым салған. Еуропарламент керсінше «бейбіт ұйымдар» деп атаған. 

 

Құқық қорғаушылар мен белсенділер сайлау қарсаңында қудалау күшейгенін айтады. Олардың басым көпшілігіне «рұқсат етілмеген жиынға қатысу» бойынша әкімшілік іс қозғалып, 6 және 20 күнге қамауға алынуда. 

 

Оппозиция өкілдері кезектен тыс президент сайлауы күні бейбіт митингке шығатындарын мәлімдеген. Президент сайлауы 2қарашада болады. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/11/2022 17:35
24282 0

Уведомление