ҰҚК: Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен топты ұстады


19/04/2022
14:21 34070 0

Фото: Кapital.kz 

 

ҰҚК тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамның ұсталғанын мәлімдеді.

 

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті «тыңшылық еткен, мемлекетке опасыздық жасаған, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария еткен» деген күдікпен бір топ адамды (арасында шетел азаматы бар) ұстағанын хабарлады.

 

— Осы адамдар тобына бұлтартпау шарасын белгілеген тергеу соты оларды қамауда ұстайды ұйғарды. Олардың үстінен қозғалған қылмыстық істер «құпия» саналатындықтан, өзге ақпарат жария етілмейді— делінген ҰҚК таратқан мәлімдемеде.

 

Бұған дейін бас прокуратура мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекет жасау, аса ірі көлемде пара алу баптапы бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов дәл осы айып бойынша қамауға алынған. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/04/2022 14:21
34070 0

Уведомление