ҰҚК Алматыда «Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ табылғанын» мәлімдеді


30/01/2024
18:31 7980 0

Фото: Reuters

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 24 қаңтарда Алматыда «қару-жарақ сақталған орын»табылғанын хабарлады

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Калашников» автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 дана қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынған», олар «Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған».

Арнаулы қызмет бұл іс бойынша күдікті бар не жоқ екенін хабарламаған.

Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару-жарақ ұрланғанын, қаншасы табылмағанын бұған дейін айтқан емес.

Билік бұған дейін «2022 жылы Қаңтар оқиғасының бас кезінде бірнеше мың қару-жарақ ұрланды» деп келген болатын.

Былтыр қаңтар айында ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов 1900 дана қару іздестіріліп жатқанын мәлімдеген. Кейін билік органдары ұрланған қару-жарақтар Қазақстанның оңтүстік өңірінен табылып жатқанын бірнеше рет жариялаған.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

30/01/2024 18:31
7980 0

Уведомление