Исландияда парламентке өткендердің көбі — әйел

Еуропада заң шығаратын органда еркектен әйел көп ел бұрын болмаған


27/09/2021
10:53 39682 0

Фото: svoboda.org

 

Жуырда Исландияда парламент сайлау өтті. Заң шығаратын органға өткендердің көбі — әйел. Оларға 63 орынның 33-і тиесілі дейді DW. 

 

Мандаттардың көбі (16) консерватив Тәуелсіздік партиясына тиген. Оның жетекшісі, қаржы министрі Биарни Бенедиктссон премьер-министр болуға үміттеніп отыр. Ал қазіргі үкімет басшысы Катрин Якобшдоттирдің партиясы сегіз орын алды. 

 

Бұған дейін Еуропада депуттарының көбі әйел ел болмады. Онда парламентіндегі орындардың жартысына жуығын әйелдер алған бір ғана ел бар. Ол — Швеция. Онда депутаттардың 47 %-ы — әйел. 

 

Ал дүниежүзі рекорды Руандаға тиесілі. Онда 80 депутаттың 49-ы — әйел (61 %). 

 

Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 27 % (Мәжіліс) және 18 % (Сенат).

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/09/2021 10:53
39682 0

Уведомление