Ішкі істер министрлігі: 25 қазанда митинг өткізуге жол бермейміз
Полиция осы күні күшейтілген режимде жұмыс істейді

Фото: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 25 қазан – Республика күні наразылық акцияларын өткізуге мүмкіндік берілмейтінін айтты. Ол сол күні мейрам болғандықтан, ІІМ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
– 25 қазан – бұл мемлекеттік мереке және, әрине, біз оған дайындаламыз. Біз қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеміз. 25 қазанға арналған үндеулерге келетін болсақ, ҚДТ (ДВК) мүшелері наразылыққа шығуға шақырып жатыр, бұл – Қазақстан аумағында қызметі заңсыз деп танылған экстремистік ұйым. Әрине, біз ешқандай митингілер өткізуге жол бермейміз, – деді Игорь Лепеха.
Бұған дейін оппозициялық саясаткер, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әбілязов пен ҚДТ жақтастары қазақстандықтарды 25 қазанда митингке шығуға шақырған.
ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған. Ал 2019 жылы Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Пікірлер жоқ.