Иранда «әдеп полициясы» қайта жұмыс істеуі мүмкін
Полицияның бұл түрі былтыр жабылған болатын
Фото: DW
Иран билігі әйелдерге хиджаб киіп, орамал тағуды міндеттейтін заң талаптарын бақылайтын «әдеп полициясының» жұмысын қайтадан жандандыруы мүмкін.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Иран қалаларында «әдеп полициясының» көліктері жиі байқала бастаған. «Әдеп полициясының» бір әйелді ұстағаны бейнеленген видеолар тарауда. Оқиғаға байланысты пікір білдірген актер Мохаммад Садегиді қамап тастағаны жөнінде де ақпарат тараған.
Иранда «әдеп полициясы» 2022 жылы 22 жастағы Махса Әмини есімді қыздың қазасынан кейін жаппай наразылықтан соң жұмысын тоқтатқан. Махса Әмини «хиджабты дұрыс кимеді» деп айыпталып, полиция бөлімінде соққыға жығылып, ауруханада қайтыс болған.
Халықтық толқулар бірнеше айға созылып, билік оны күшпен басқан. Салдарынан 500 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланған.
Пікірлер жоқ.