Иран билігі жаппай наразылықтан кейін «әдеп полициясын» таратты
Наразылық кезінде Иран бойынша 200-ден астам адам қаза болған
Иран билігі «әдеп полициясын» таратып, хиджаб кию заңын қайта қарайтын болды. Бұл жөнінде Иран бас прокуроры Мұхаммад Жапар Монтазари мәлімдеді.
– Парламент пен сот органдары осы мәселемен айналысатын болады. Өзге жаңалықтарды бір-екі аптадан кейін сарапшылар тобының баяндамасы дайын болғанда естисіздер, – деді Монтазари.
Бұдан бөлек, бас прокурор «әдеп полициясының» таратылғанын да айтты. 22 жастағы құқық қорғаушы Махса Әминидің өлімі дәл осы полиция бөлімімен байланысты.
Ирандағы наразылық қыркүйек айында Махса Әминидің өлімінен кейін басталған. «Әдеп полициясы» оны көшеде хиджаб дұрыс кимегені үшін ұстаған. Туыстарының айтуынша, Әмини 16 қыркүйекте ауруханада ауыр соққы саларынан қайтыс болған. Билік марқұмның аурудан қаза тапқанын айтқан.
Наразылық кезінде Иран бойынша 200-ден астам адам қаза болған. Құқық қорғаушылар көз жұмғандардың саны одан да көп дейді. Олардың есебінше, 469 адам өлтірілген, оның 64-і кәмелет жасына толмаған жасөспірім.
Пікірлер жоқ.