Инга Иманбай телефонынан шпиондық вирус табылғанын мәлімдеді

Журналист Инга Иманбайдың телефонынан шпиондық вирус табылды


27/06/2022
11:53 30969 0

Қамаудағы оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай телефонынан италияндық шпион бағдарлама табылғанын мәлімдеді. 

 

— Билік органдары мені итальяндық қымбат шпиондық бағдарлама арқылы бақылайды екен. Lookout анти шпиондық бағдарламасы телефонымнан Hermit вирусын тапты. Ақыры аңдиды екенсіңдер, біздің қылмыскер емес екенімізге анық көз жеткізген шығарсыңдар, а? Жанболатты босатыңдар!— деп жазды Инга Иманбай өзінің «Facebook» парақшасына.

 

Hermit вирусы SMS хаттарды оқып, телефонның геолокациясын анықтап, фото, видеоларды ұрлай алады және өзі қоңырау шалып, телефон хабарларын қажетті жерге бағыттайды. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/06/2022 11:53
30969 0

Уведомление