Гуинеяда бүлікшілер билікті басып алды
Президентті тұтқындап, парламентті таратып жіберді
Фото: eadaily.com
5 қыркүйекте Гуинеяда полковник Мамади Думбуя бастаған әскерилер президент Альфа Кондені тұтқынға алып, билікті басып алды.
Сол күні Думбуя парламентті таратып, Конституцияның күшін жойғанын айтты.
Президент тұтқынға түскеннен кейін халық бүлікшілерді жақтап көшеге шықты.
Альфа Конде 2010 жылы сайлауда жеңіп, Гуинеяның президенті болды. 2015 және 2020 жылдары қайтадан сайланды. Ол екінші рет ел басы болғанда шығарған Конституцияның арқасында үшінші рет сайлана алды. Осыдан кейін елдің оппозициясы Кондені сайлау қорытындысын бұрмалады деп айыптады.
Пікірлер жоқ.