Еуропарламент Украинаның Еуроодаққа кіру туралы өтінішін қабылдады

Еуропа парламенті Украинаның Еуроодаққа кіру туралы өтінішін қабылдады


01/03/2022
18:36 29955 0

Еуропарламент Украинаның Еуроодаққа кіру туралы өтінішін қабылдады. Қабылдау бойынша арнайы процедура өз жұмысын бастады. Бұл жөнінде The Insider басылымы хабарлады. 

 

Украина президенті Владимир Зеленский Еуроодаққа мүшелікке қабылдау жөніндегі өтініш құжатқа 28 ақпан күні қол қойған. Құжат Еуроодақ және Еуропарламент басшылары мен Еуроодаққа төрағалық етіп отырған Франция президенті Эммануэль Макронның атына жазылған. 

 

Бұған дейін, Владимир Зеленский 26 ақпанда Еуроодақтан Украинаны тез арада ұйымға мүшелікке қабылдауды талап еткен. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

01/03/2022 18:36
29955 0

Уведомление